RU
Туған ауылына 116 млн теңгеге зәулім спорт кешенін салып берген бизнесмен кім?
Жаңалықтар Қоғам

Туған ауылына 116 млн теңгеге зәулім спорт кешенін салып берген бизнесмен кім?

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында жомарт кәсіпкер туған ауылына 116 миллион теңгеге хан сарйындай спорт кешенін салып беріп, көпті тәнті етті. Отырар ауданының Ақтөбе ауылында салынған нысан қыркүйек айында пайдалануға берілмек деп хабарлайды sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ru.sputniknews

Фото: ru.sputniknews

Спорт кешенінде жасөспірімдерге спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Онда ересектермен бірге 200-ге жуық бала бокс, күрес, футбол және валейболмен шұғылдана алады.

Жомарт бизнесменнің ауыз толтырып айтатын тірлігіне әсіресе жергілікті жастар мәз.

"Бұрын біз мектептегі кішігірім залда спортпен айналысатынбыз. Енді бізде міне сарайдай спорт кешен бар. Біз енді олимпиада чемпионы атану үшін, барымызды салып, жаттығатын боламыз. Осындай жомарт жандарға алғысымыз шексіз", - дейді ауыл жастары.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
1
46
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel