RU
Сүйіктілерінің екінші әйелі атанған кешьюлік аруларды желіде сөгіп тастады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сүйіктілерінің екінші әйелі атанған кешьюлік аруларды желіде сөгіп тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

"Кешью" тобының бұрынғы мүшелері Ақботанұр Сейітмағамбет пен Жұлдыз Өмірғалидің жаңа суреті желі қолданушылар тарапынан сынға ұшырады. Тағдыры бір-біріне ұқсас болып келген әнші қыздар сүйіктілерінің екінші әйелдері атанғаны үшін опық жеген деп жазады NUR.KZ.

Экс-кешьюлік әнші Ақботанұр Сейітмағамбет өзінің Instagram парақшасына бұрынғы топтасының қуанышынан сурет жүктеп, қызу талқыға қалды.

Оқырмандар бір жыл жасырып келген ұлының туған күнін тойлаған Жұлдыз Өмірғалиді де сынсыз қалдырған жоқ. Көпшілік сүйіктілерінің екінші әйелі атанған аруларды жерден алып, жерге салды.

Желідегілер Жұлдыз бен Ақботаға біреудің ұйыған отбасын бұзды деп кінә таққан.

"Жүрген жолдарың, тағдырларың бір. Екеуің де екінші әйел болдыңдар. Сол себепті дос шығарсыңдар"
"Әп-әдемі қыздарсыңдар. Неге екінші әйел болдыңдар. Отбасылы емес қазақ баласы табылмады ма осы екеуіңе?"
"Жап-жас болып не көрінді сонша? Қазағымның үйленбей жүрген жігіттері жоқтай!"
"Қалтаға қараған шығар. Неге өз бақыттарыңды іздемедіңдер. Біреудікін тартып алмай" , - деп жазды ашуға булыққан оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel