Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал тележүргізуші Ресей жаңалықтарының тізгінін ұстамақ

Опубликовано:

Қазақстандық телевизияның бетке ұстары Гүлназ Ауданбаева Ресей жаңалықтарын жүргізбек. Бұл туралы отандық танымал тележүргізушінің өзі хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram/gulnazaudanbaeva
Фото: Instagram/gulnazaudanbaeva: UGC

"Қазақстан", "Еуразия" және 7 арнада тележүргізушілік еткен тәжірибелі маман көпші елге қоныс аудармақ. Отандық телевизияның майталманына айналған Гүлназ Ауданбаева бүгінде Ресей жаңалықтарының тізгініне көшпек ойы бар.

Отандық тележүргізуші бұл хабарды өз әлеуметтік парақшасы арқылы хабарлаған. Кәсіби тұрғысындағы мұндай өзгерісті ол бірінші болып оқырмандарымен бөлісуді жөн көріп, олардан кеңес сұраған.

"Сенсация! Гүлназ Ауданбаева орысша жаңалықтар жүргізбек. Өйткені Москваға Останкиноға жұмысқа кетейін деп жатыр. "Сен келмесең болмайды деп қоймай шақырып жатыр". Білмеймін тіпті барсам ма, бармасам ба. Аздап шығатын əдемі қазақы акцентімнен айналдым", - деп жазған тележүргізуші.

Алайда, отандық тележүргізуші бұл мәлімдемесін уақыт өте әзіл болғанын да жеткізді.

"Алдыңғы видеома көп тілек жазыпсыздар. Амин, жақсы тілектің артығы жоқ. Бірақ əзіл ғой Москва туралы. Өмірі орысша жүргізбегесін қызық көріп бөліскенім ғой. Басқа елге кететін жоспарым жоқ. Смайликтерді үйіп қойғаным да сол.
Бірақ мені орысша кастингке шақырғаны рас. Басқа арнаға. Мен қызық үшін барып көрдім. Жалпы, бойымдағы осы қасиет үшін Аллаға ризамын. Қорықпай тəуекелге бел байлайтыным бар. Мысалы орыс тіліне өз тілімдей судай болмасам да бағымды сынаудан бас тартпадым", - деп жазды Гүлназ Ауданбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749745-otandyk-tanymal-telezrgizusi-resej-zaalyktaryny-tizginin-stamak/

pixel