RU
Париждегі қазақстандықтың көк тіреген зәулім үйіне 100 адам таласып отыр
Жаңалықтар Қоғам

Париждегі қазақстандықтың көк тіреген зәулім үйіне 100 адам таласып отыр

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтың Парижде сатылымға шығарған зәулім үйі 125 млн еуроға бағалануда. Бұл үйді сатып алуға 100 адам ниет білдіріп отыр деп жазады "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Париждегі үй. Фото: Игнастың жеке мұрағатынан

Париждегі үй. Фото: Игнастың жеке мұрағатынан

Риелтор Игнас Мойвиссен 400 беттен тұратын портфолио әзірледі. Онда оқ өтпейтін терезелері бар пентхаус, бес жатын бөлмесі, жеті ванна мен сауна көрсетілген. Үйдің ауданы - 1200 шаршы метр.

Игнас өз қызметі үшін қазақстандықтан 650 000 еуро алып үлгерді. Ол жылжымайтын мүлік тарихында бұл сатылымды ең қымбат сатылым деп бағалап отыр.

Элиталық үй иесі Париждегі баспанасын 125 млн еуроға сатуды көздеп отыр. Риелтор үй жарты жылда сатылып кететініне сенімді.

Бизнесмен өткен жылы бұл үйді 65 млн-ға сатып алып, қазақстандықтарды бір шулатқан еді. Алайда қазақстандықтың әйеліне Париждегі баспана ұнамай қалып, ол қымбат үйін сатуды ұйғарған.

"Ол мені шақырып, әйеліне үй ұнамай қалғанын айтты. Мен оған "неге үйді ауыстырғанша, әйеліңізді ауыстыра салмадыңыз, бұл арзанырақ түседі емес пе" дедім... Десе де пәтерге қызығушылық танытып отырғандар бар. Біз 100 кітапты шығардық, олардың әрқайсы сатып алуға ниет білдіріп отырған адамға жеткізілетін болады", - дейді риелтор.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel