RU
Түркістан облысында белгісіз азамат мешіттегі пітір-садақа жәшігін ұрлап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында белгісіз азамат мешіттегі пітір-садақа жәшігін ұрлап кетті

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында мешіттердің бірінде пітір садақаға жиналған ақшаны ұрлап кеткен азамат ұсталды. Күдікті алла үйіндегі сейфтен 800 мың теңге мен теледидарды қолды еткен деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: BNews.kz

Фото: BNews.kz

Жаға ұстарлық жағдай ағымдағы жылдың Рамазан айында Келес ауданы, Қызыл Әскер ауылындағы мешітте болған. Полицейлердің анықтауынша күдікті мешітке баса кіріп, ондағы теледидарды ұрлап кеткен. Тергеу барысында ұсталған тұлғаның екі ай бұрын сол мешіттің сейфінен 800 мыңнан астам теңге ақша ұрлағаны анықталған.

"Келес АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті мешіттердің бірінде ұрлық жайты орын алғандығы туралы хабарлама түскен. Полицейлердің анықтауынша белгісіз тұлға мешітке баса кіріп, ондағы теледидарды ұрлап кеткен. Аталған жайт «ұрлық» бабы бойынша Келес АІІБ-нің СДТБТ-не тіркелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес АІІБ-нің полицейлері күдікті ретінде бұрын сотты болған Түркістан облысының тұрғынын ұстады"-деп хабарлайды Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Мешіттегі пітір садақаны қолды еткен азаматтың өзге де ұрлаудың алты жайтына қатысы бар екендігі белгілі болған. Нақтырақ айтқанда, күдікті жеке үйлерді тонап және автокөлік ұрлығымен айналысқан. Сұқ қолды азаматтан зардап шеккендерге шамамен екі миллион теңге көлемінде шығын келген. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel