RU
Алматыда жатақханаға кезекте тұрған қыз есінен танып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жатақханаға кезекте тұрған қыз есінен танып қалды

Рассказать Вконтакте

Редакциямызға хабарласқан NUR.KZ оқырманы жиені екеуінің жатақхана алу үшін екі күн қатарынан ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болғанын айтты. Абай атындағы педагогикалық университетіндегі жатақханаға тізілген студенттердің арасынан бір қыз шыдай алмай, есінен танып қалған.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Оқырманның айтуынша, қырғынның орын алмасы үшін күні кеше арнайы кезек кестесі құрылған. Оған 900 адам кірді.

"Кеше біз таңнан бастап кешкі сегізге дейін тұрдық. Тізімнің арқасында бәрі әлдеқайда орынды өткен"
Бүгін таңертен, белгісіз біреулердің ата-анлары жанағы кесені жыртып тастады деп айтты. Сол себепті, біз кәдімгі кезекпен тағы да кешке дейін тұруға мәжбүрміз.
Қазір бұл жерде 100 шақты адам бар", - деп мәлімдеді автор.

Оқырманның айтуынша, кезекте тұрған бір бойжеткен өзін жайсыз сезініп, ол есінен танып қалған. Жатақханада қызмет ететін медицина қызметкерлері оны ішке алып кірді.

"Ешқандай тәртіп жоқ. Кеше күні бойы 350 адам келді. Бүгін одан бетер көппіз. Білім ордасы қайда қарап отыр?" , - деп айтты әйел адам.

NUR.KZ порталы университет басшылығынан оқиғаға қатысты пікір ала алған жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
2
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel