RU
Босанып жатып ән салған әйел шекесі торсықтай ұл туды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Босанып жатып ән салған әйел шекесі торсықтай ұл туды (видео)

Рассказать Вконтакте

Грузияда босанайын деп жатқан келіншек күйеуімен бірге "O sole mio" әнін орындап, желіні шулатты. Бұл туралы changeua.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бейнежазба Кутаиси қаласындағы №2 перзентхананың Facebook парақшасында жарияланған.

"14 тамыз. Лука Чарджазияның туған күні" деп аталған видеода азамат келіншегінің көңілін аулау үшін оған ән айтып беріп тұрғаны байқалады.

Алғашында әйелі күйеуінің әніне жай қосылса, соңына қарай бар даусымен айтқан екен.

Перзентхананың парақшасында келіншектің Грузиядағы Палиашвили атындағы опера және балет театрының әншісі Натия Мелкадзе екені айтылыпты.

Опера әншісі дүниеге аяқ-қолы сау ұл бала әкелген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel