RU
Жеңетіні анық: Димаш Құдайберген "Евровидение" байқауында өзге елдің атынан шыға ма?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жеңетіні анық: Димаш Құдайберген "Евровидение" байқауында өзге елдің атынан шыға ма?

Рассказать Вконтакте

Ресейлік видеоблогер Жан Содель Димаш Құдайбергенге "Евровидение-2019" байқауында өнер көрсетуді ұсынды. Оның ойынша, әнші байқауда еш қиындықсыз жеңіске ие болады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Димаш. Фото: expo2017culture.kz

Димаш. Фото: expo2017culture.kz

Келесі жылы «Евровидение» байқауы Израильде өтеді. Видеоблогер Димаштың кез келген ел атынан байқауға қатыса алатынын алға тартты. Бұл байқау ережесіне қайшы келмейді екен.

Жан Содель Димаш қай елдің атынан шықса да жеңе алады деген пікірде. Ал егер Димаш Қазақстанның атынан ән шырқаса, 2020 жылы байқау біздің елде өтуі ғажап емес.

"Мен Димаштың дауысын естігенде есеңгіреп қалдым. Оның дауысы қайталанбас, алты октаваға жетіп тұр. Ол Кабзонды да, Витасты да алмастыра алады... Ол небәрі 24 жаста болса да, бәріне нағыз қарсылас бола алатыны қазірден байқалады. Австралияның өзі байқауға қатысып жатса, Қазақстан да қатыса алуы әбден мүмкін", - дейді блогер.

Жан Содель Димаштың сымбаттылығы мен стильді киіне алуы да байқауда дауыс беруге көп ықпал ететінін айтуда. Әнші 2017 жылы TC Candler кинокритигінің нұсқасы бойынша, әлемнің 100 сымбатты жігітінің тізімінде 76-шы орынға жайғасқан.

Видео: Жан Содель

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
27
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel