Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерге кіре жаздадым": Отандық музыкалық марапат кешінің былығы әшкереленді

Опубликовано:

Instagram желісіндегі белсенді қазақ блогерлердің бірі Ерғазы Әзімханұлы күні кеше Астана қаласында өткен Еуразия музыкалық жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау кеші туралы бар шындықты жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан жастары Конгресі жанындағы Республикалық Жастарды дамыту орталығының басшысы өз парақшасына видео жүктеп, анықтамасына нақтырақ тарқата жазған.

Оның сөздерінше, Muzzone арнасы ұйымдастырылған кештің төмен деңгейде өткені сонша, қазақ шоу бизнесі үшін ұялып, жерге кіріп кете жаздапты.

"Кеше сіздер білетіндей «EMA-2018» музыкалық концертінде болдым. Шынымды айтсам мүлде ұнамады", - деп бастаған ол кештің олқы тұстарын атап өткен.

"1) Кәмшат Жолдыбаева xаным өлең айтып жатқанда музыка өшіп қалып, қайта қосылды.

2️) Қайта-қайта, қателеспесем, 3 рет жүргізушілердің микрофондары өшіп қалды.

3) Істемей қалған микрофондар саxнаның артына барғанда істеп кетіп, неше түрлі саxна сыртындағы сөздерді ауылдағыдай естіп отырдық.

4️) Ең қызығы Ғазизхан ағамыз айтайын деп жатқанда "+" қойылып кетіп, ағамыз "живой айтамыз деп келісіп едік қой" дегеннен өшіріп, қайта минусын қойғанда күлкіден езуіміз құлағымызға жетті", - дейді Ерғазы Әзімханұлы.

Сондай-ақ, ол аталмыш концертке кіру құны туралы және ол кештің жоғары бағаға сай бола алмағанын баса жазады.

"Ауылда отырып, немесе ауданда отырып көріп отырсақ мейлі ғой. Астанада 7-ші рет өтіп жатқан, ең мықты әншілердің басын қосқан премия емес пе?!

Мені қойшы, шақырылып, достарымды қолдап келдім. 4000 мыңнан 20 000 мыңға дейін билет алып келген адамдарды аяймын!

Осының бәрін миллиондаған адамдар экраннан көрсе жақсы. Жо-жоқ, ондай жерлерді әдемілеп қиып тастайды ғой", - деп реніш білдірді блогер.

Видео мен жазбаға пікір білдірген желі қолданушылары арасында аталған концертті тамашалағанын және Ерғазының сөздерімен толықтай келісетіндерін айтқандар да табылып жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749835-zerge-kire-zazdadym-otandyk-muzykalyk-marapat-kesini-bylygy-skerelendi/

pixel