RU
Шымкент әкімінің бажасы жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Шымкент әкімінің бажасы жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" мұнай өңдеу зауытының бірінші вице-президенті Асқар Тұрысбеков тағы бір қызметке тағайындалды. Ол енді Шымкент қалалық үстел теннисі федерациясының президенті қызметін қоса атқаратын болады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Асқар Тұрысбеков

Асқар Тұрысбеков

Тағы бір қызметтің тізгінін ұстаған Асқар Тұрысбековті көпшілікке жуырда ғана қызметіне кіріскен қалалық дене шынықтыру спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев таныстырды.

Асқар Тұрысбеков 1975 жылы дүниеге келген. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтің ұлы.

Асқар Тұрысбеков Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен бажа боп келеді. Яғни, олар профессор Тынысбек Қалменовтің қыздарымен шаңырақ көтерген.

Асқар Зауытбекұлы спорт саласынан алыс емес, ол бұған дейін ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) бокс федерациясына басшылық еткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
2
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel