Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдердің өзге еркектердің құшағынан жылу іздеуіне не себеп?

Опубликовано:

Әйелдердің көзге шөп салуы ер азаматтарға қарағанда сирек кездеседі. Олар бұл әрекетке қатты шаршағаннан немесе ішімдік ішкеннен баруы мүмкін. Нәзік жандылардың опасыздық жасауына әсер ететін себептер туралы woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жауап береді.

Фото: Snitsya-son.ru
Фото: Snitsya-son.ru: UGC

Арулардың көзге шөп салуына әсер ететін негізгі бес себеп бар.

1. Төсек қатынасының дұрыс болмауы

Әйел адам көзге шөп салмас үшін азамат әрдайым төсек қатынаста өзін сенімді ұстай білуі керек. Бұл тұрғыда ер адамдар"қыздар төсекте қимылсыз жатады" немесе "олар жарықтың сөніп тұрғанын қалайды" деген сынды ойлардан аулақ болып, жалпы еркіндікті сезіне білуі қажет.

2. Еркек пен әйелдің орындарының ауысуы

Жанұяда ер азамат пен әйелдің орындары ауысатын жағдайлар көп кездеседі. Осы уақытта нәзік жанды барлығын өзі басқарып, уақыт өте басқа ер адамнан батырлық іздей бастайды екен.

3. Жұбайының өз әйеліне көңіл бөлмеуі

Отбасылық өмірде күйеуінің тек қана жұмыспен жүруі, әйеліне мүлде көңіл аудармауы әйел опасыздығына себепкер болуы мүмкін. Бұл әйелдің өзін сенімді ұстауына, бақытты сезінуіне мүмкіндік бермейді.

Керісінше, бұл жағдайда нәзік жандылар өздерін керексіз сезініп, бұрынғы таныстарынан жақын адам іздей бастайды. Өйткені, олар өздерінің көңілді, бақытты жүрген кездерін сағына беретін болады.

4. Күйеуінен кек алу

Әйел күйеуінің опасыздығын білген соң, оған жауап қайтару мақсатында көзіне шөп салуы мүмкін. Сүйіп қосылған жұбы өзге адамды іздеп кеткенін көтере алмаған ол өзіне басқа еркектен жылулық күтері анық.

5. "Мен одан да жақсы адамға лайықпын"

Бұл әйелдерде жиі кездесетін, бірақ өте түсініксіз ой. Себебі, көптеген әйелдер күйеуімен ұрысқан кезде одан да жақсы адам тауып алуым мүмкін деп ойлайды екен.

Сондай-ақ, нәзік жандылар өздеріне көңіл бөлмейтін, үнемі ренжітетін азаматтардан көңілі қалып бара жатқанда осы ойға шоматын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1749872-jelderdi-zge-erkekterdi-ksagynan-zylu-izdeuine-ne-sebep/

pixel