RU
Досы ертіп әкетті: Астана тұрғыны жоғалған ұлын іздеп, жанұшыруда
Жаңалықтар Қоғам

Досы ертіп әкетті: Астана тұрғыны жоғалған ұлын іздеп, жанұшыруда

Рассказать Вконтакте

Алты күн бұрын он жасар ұлы жоғалып кеткен Ұлзана Кожухова NUR.KZ редакциясына хабарласып, көпшіліктен көмек сұрауда. Оның айтуынша, ұлын үш жас үлкен досы өзімен ертіп әкетіп, із-түзсіз кеткен.

Жоғалған бала. Фотоны баланың анасы ұсынды

Жоғалған бала. Фотоны баланың анасы ұсынды

Улзана Кожухова он жасар ұлы Сергейдің 13 жасар досымен 22 тамыз күні сағат түнгі 21.15-те Көктау-1 ықшамауданында сыртқа шығып кеткенін айтуда.

Жоғалған бала. Фотоны баланың анасы ұсынды

Жоғалған бала. Фотоны баланың анасы ұсынды

"Досы сыртқа шығып, ойнауға шақырды. Оны жіберіп едім, содан бері көрген емеспін. Сереганың досы да хабарсыз кеткен. Бірінші кезекте Сергейдің досының ата-анасына жүгіріп бардым, алайда олар айтарлықтай алаңдап отырған жоқ. Ұлы үйінен бірнеше күнге жиі қашып кететінін айтуда. Алайда менің ұлым ондай емес. Қатты алаңдап отырмын. Полицияға шағым түсірдім. Өтінемін, ұлымды табуға көмектесіңіздерші", - дейді Сергейдің анасы.

Жоғалған бала. Фотоны баланың анасы ұсынды

Жоғалған бала. Фотоны баланың анасы ұсынды

Сергей жоғалған күні қара кроссовки, камуфляжды трико киген. Ерекше белгілері: шашы жоқ, сонымен қатар сол қолында сұқ саусағы жоқ.

Жоғалған бала. Фотоны баланың анасы ұсынды

Жоғалған бала. Фотоны баланың анасы ұсынды

Бүгінде баланы полицейлер мен әскерилер іздеп жатыр. Егер баланы көрген-білгендер болса +7 778 651 37 75 нөміріне немесе 102-ге хабарласа алады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel