RU
Қоқыстан өзіне жігіт жасап алған ер адам онымен некесін қидырды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қоқыстан өзіне жігіт жасап алған ер адам онымен некесін қидырды (фото)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та қылқалам шебері Майкл Шнайдер шарап қораптарының қалдықтарынан ер адам жасап, соған үйленіп алған. Азамат аталған ісіме еш өкінбеймін дейді. Бұл туралы toneto.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: reactor

Фото: reactor

АҚШ-тың Орегон штатының Портленд қаласының тұрғыны Майкл Шнайдер қоқыс қораптарынан ер адам жасап алып, сонымен некесін қидырған. Ол өзінің "қағаз жарына" тіпті Франц деген есім де беріпті.

"Менде жігіт болған жоқ. Бірақ мен оны шарап қораптарының қалдықтарынан жасап алдым", - дейді ер жігіт.

Содан бері азамат өзінің "жұбайынан" еш айырылмапты. Ол онымен велосипед тепкен, киноға барған, дүкендер мен жаттығу залына барған суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктепті.

"Біз үйлену тойын жасауға әзірміз деп ойлаймын. Ендігі қадам – ата-аналарымызбен таныстыру болмақ. Анам оны ұнататынына сенімдімін, ал әкемді білмеймін", - дейді суретші.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
3
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel