RU
Сүйіктісі тастап кеткен жігіт неке жүзігін ешкім күтпеген жанға сыйға тартты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сүйіктісі тастап кеткен жігіт неке жүзігін ешкім күтпеген жанға сыйға тартты

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Вирджиния штатында Стивен Крокер есімді жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасау үшін 1700 долларға неке жүзігін сатып алады. Алайда ғашығы оны тастап кеткесін, жігіт жүзікті күтпеген жанға сыйға тартты. Бұл туралы NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Неке жүзігі. Фото: 120.su

Неке жүзігі. Фото: 120.su

Стивен Facebook парақшасында неке жүзігін өз сүйіктісіне ұсыныс жасай алмай жүрген өзге жігітке тарту етуге әзір екенін жазған. Тек ол үшін бұл жүзік расымен де аса қажет екенін дәлелдеу керек болыпты.

Осы орайда Шон Салливан есімді азамат ғашығына ұсыныс жасау үшін жүзік керектігін айтып, видеосәлемдеме жолдайды. Ол склероз дертіне шалдыққандықтан, ғашығына неке жүзігін сатып алуға ақшасы жетпейтінін алға тартқан.

Себебі, оның дертімен жұмыс табу оңай емес. Стивен Шонға жақсылық жасап, қымбат жүзікті оған сыйлай салды.

Шон ғашығына осы жүзікпен ұсыныс жасап, бүгінде отбасылық бақытқа кенелген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel