RU
Кез келген жерге дәрет сындырып жүрген ақтөбеліктер депутаттың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Кез келген жерге дәрет сындырып жүрген ақтөбеліктер депутаттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік депутат қала әкімінен араша сұрады. Айтуынша, мектеп іргесіндегі ішімдік сататын дүкенге келгендер кез келген жерге қажеттілігін өтеп жүр деп жазады өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Нұрлан Махамбетов

Нұрлан Махамбетов

"№ 29 мектеп аумағының бір бұрышында дүкен орналасқан. Ол жерде ішімдік өнімдері сатылып жатыр. Дүкенге ішімдік өнімдерін жақсы көретіндердің жиналатыны белгілі. Сол жерде балалар ойнап жүр. Айналасынан дүкеннің бір бұрышына қажеттілігін өтеп жүргендерді де көруге болады. Білім ошағының жанындағы көріністе жақсы емес. Сауда орын мектеп жанынан басқа жерге көшіру дұрыс деп ойлаймын", - дейді депутат Нұрлан Махамбетов.

Жағдаймен жақсы таныс екенін айтқан қала әкімі кәсіпкердің өзін де пысқырмай отырғанын мойындады.

"Авиагородок ауданындағы мектеп жанында орналасқан дүкенмен біз екі жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Қазір заңның жеке бизнесті қалай қолдайтынын өздеріңіз де білесіздер. Дүкенге бірнеше рет айыппұлдар салынды. Ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Өзім де ол дүкенге бірнеше рет бардым, иесімен де сөйлестім. Кәсібі басқа бағытқа өзгертуін де сұрадым. Ол кісі өз тұтынушыларының бар екенін айтты", - дейді қала әкімі Ілияс Испанов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel