RU
Есен Елеукен басшылық қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Қоғам

Есен Елеукен басшылық қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукен 1 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартатын "Tamasha tv" телеарнасының директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Tamasha tv" телеарнасы "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты төртінші телеарна болып отыр.

Жаңа телеарна "Әзіл әлемі" "Жайдарман", "Хаха-шоу", "Әзіл man", "Көңілді тапқырлар алаңы", "Қызық екен", комедиялық телехикаялар және тағы басқа қызықты жобаларды ұсынбақ.

Сондай-ақ, ол телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар эфирге қайтадан оралатын болады.

Айта кетейік жаңа телеарна OtauTV және iDTV пакеттерінде HD форматында қолжетімді болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel