RU
Алматы облысында 3 адам кәріз құдығына түсіп қаза тапты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында 3 адам кәріз құдығына түсіп қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Қапшағай қаласында кәріз құдығына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 3 азамат қаза болды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Youtube

Фото: Youtube

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, "Қапшағай Су құбыры" мекемесінің 3 қызметкері кәріз құдығын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыпты.

Алдын ала болжам бойынша үшеуі де метан газының бөлінуінен уланып, сол сәтінде тілге келмей жан тапсырған.

Құдықтағы қызметкерлердің мәйітін тек төтеншеліктердің көмегімен шығару мүмкін болған.

Естеріңізге салсақ,  бір ай бұрын ғана осы Алматы облысында 3 адамның ажалы кәріз құдығынан  келген еді. Шелек ауылының орталық ауруханасы аумағындағы кәріз суы жиналатын шұңқырға  екі сантехник пен бір медицина қызметкері түсіп, газға тұншығып өлді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
7
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel