RU
Астана әкімі қымбат Мерседесінен түсіп таксиге отырғалы жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Астана әкімі қымбат Мерседесінен түсіп таксиге отырғалы жатыр

Рассказать Вконтакте

Астана әкімі Әсет Исекешевпен бірге оның қарамағындағылары да қызметтік көліктен түсіп таксопарк қызметін пайдаланбақшы. Осылайша, шенеуніктер бюджеттің жүздеген миллион теңгесін үнемдемек ойда деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Исекешев былтырдан уәде берсе де, қыркүйек айынан бастап біржола таксимен жүріп-тұрмақ. Әкім мен оның орынбасарлары VIP санатына жататындықтан бизнес, ал қалғандары жұмысқа эконом класпен қатынамақ.

Шенеуніктер айына 400 мың теңгеге ғана әрлі-берлі жүруге қақы бар. Бұрын қызметттік көліктің күтіміне бюджеттен  бір жарым миллион теңге жұмсалған екен. Енді шығын  3 есе кемиді.

Ал шенеуніктерді әкімдікке уақытылы жеткізу үшін арнайы таксопарк құрылып ол үшін Қазақстанда құрастырылған машиналар ғана сатылып алынады.

Ал бұған дейін  шенділерді тасыған қымбат қызметтік  автомобильдер полицейлер, мұғалімдер мен дәрігерлерге таратылмақшы.

Егер елордалық дөкейлердің тәжірбиесі сәтті іске асса, облыстық әкімдіктердің қызметкерлері де жаппай таксиге ауысады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel