RU
"Отыруға құқығың жоқ": Әнұранды білмеген имам қызметінен қуылды
Жаңалықтар Әлемде

"Отыруға құқығың жоқ": Әнұранды білмеген имам қызметінен қуылды

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның дін істері, ұлттық дәстүрлерді реттеу жөніндегі комитеті Пенджикент мешітінде ұлттық әнұранды білмеген наиб имамды қызметінен алған. Алайда 27 жастағы дін өкілі өзін әділетсіз қызметінен босатты деп отыр. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото:udachny-milost.ru

Көрнекі фото:udachny-milost.ru

Пенджикент шаһарының тұрғыны Накибхон Кориев қоғамдық мешітте соңғы уақытқа дейін наиб имам болып қызмет істеп келген. Ол маусым айының басында аттестациядан өту үшін, Душанбеге барған.

Дін қызметкері таяуда ғана "ұлттық әнұранды білмегенің үшін, наиб имам қызметінде отыруға құқығың жоқ" деген хабарлама алғанын айтады.

Алайда Накибхонның өзі әнұранды білетінін, өзін әділетсіз қызметінен босатты деп есептейді. Оның сөзінше, емтихан кезінде расында қатты қобалжығанын, қажылыққа бару кезіндегі ережелерді толық жаттап үлгермегенін, бірақ ұлттық әнұранды жатқа білетінін жеткізді.

"Емтихан кезінде менен әнұранды айтып беруімді сұрады. Барлығына осындай талап қойды. Мен тек Құранның аятын толық айтып бере алмадым. Бірақ қалған сұрақтарға жауап бердім", - дейді ол.

Дін істері комитеті Накибхон Кориевтің қызметінен алынғанын растады. Олар имамның әнұранды ғана емес, намаз оқудың ережесін дұрыс айта алмады деп отыр.

"Сәуір айында ол Пенджикенттегі емтиханнан өте алмады. Оған дайындалуға бір ай рұқсат бердік. Сосын Душанбеде аттестация болды. Одан да өте алмады. Оған тағы 2-3 ай уақыт берді. Тағы құлап қалды. Қарапайым сұрақтардың өзіне жауап бере алмады. Оның орнына әзірге ешкімді тағайындамады. Тек басқа адам міндетін атқарып жатыр", - дейді дін істері комитеті өкілі Саидджон Шодиев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel