RU
Ирландиялық боксшы Данияр Елеусіновті маймылға теңеді
Жаңалықтар Спорт

Ирландиялық боксшы Данияр Елеусіновті маймылға теңеді

Рассказать Вконтакте

Кәсіпқой боксшы Рэй Моллет өз әлеуметтік желісінде қазақстандық боксшыға қатысты жағымсыз жазба қалдырды. Ол Данияр Елеусіновты маймылға теңеп, балағаттап тастады. Отандық боксшы ирландиялық әріптесінің азулы пікіріне жауап берді деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: turkystan.kz

Фото: turkystan.kz

Қазақстандық Олимпиада чемпионы өзін маймылға теңеп, тіл тигізген ирландиялық боксшы Рэй Мойлетке жауап берді

Ирландиялық боксшы Рэй Мойлетт (11-0, 4 КО) Данияр Елеусіновті (3-0, 1 KO) маймылға теңеп, оны Борат деп мазақтаған.

"Бұл [эмодзи маймылы] маған қарсы шығуға әлі дайын емес. # Борат", — деп жазды Мойлетт.

Данияр Елеусінов пен Рэй Мойлетт 2008 жылы Мексикада жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында жұдырықтастасқан болатын. Ол кезде Ирландия боксшысы жеңіске жетіп, жас қазақстандықты ұтып кетті.

Ирландиялық спортшының азулы пікіріне Данияр Елеусінов көп кідірмей жауап қайтарған.

"Шынымды айтсам, жете бағаланбаған және ешкімге қызық емес мұндай адамдарға назар аударғым келмейді. Аты шықпаған, талант та, стиль де жоқ. Ол Мексикада менен ұтылған болатын, оған жеңісті сыйға тартты.
Бүкіл зал шулады, жеңісті берген кезде көрермендер "баклажка" лақтырғаны есімде қалыпты. Марапаттау рәсімін ең соңында, барлық жанкүйер кеткен кезде өткізді. Тек ирландиялықтар мен біздің жанкүйерлер қалған еді. Төрешілер қатаң сынға ілікті… 
Ол өзге салмақ дәрежесінде. Менің салмағыма көтерілсе, жекпе-жекке дайынмын.
Алайда ол жай ғана менің танымалдылығымның арқасында өзіне пиар жасап жатыр деп ойлаймын. Оны Instagram-нан көрдіңіз бе? Еш жерде жоқ, өзі маған жазылған. Мен оның парақшасына кірмеймін, оқымаймын.
Бар-жоғы 3-4 мың жазылушысы болуы мүмкін. Сондықтан менің есебімнен танымал болғысы келеді. Ол рингке шығатын болса, ұтылады, оны өте жақсы біледі", — деп түсіндірді  Олимпиада чемпионы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
27
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel