RU
Тасжүрек ана екі жастағы сәбиін аштан қатырып, оны аяусыз ұрып-соққан
Жаңалықтар Әлемде

Тасжүрек ана екі жастағы сәбиін аштан қатырып, оны аяусыз ұрып-соққан

Рассказать Вконтакте

Волгоградта құқыққорғаушылар 35 жастағы көпбалалы анаға қатысты қымыстық іс қозғады. Болжам бойынша тасжүрек ана туған сәбиін аяусыз қинап, оны бірнеше күн бойы аш ұстаған деп жазады life.ru басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тасжүрек ана екі жастағы сәбиін аштан қатырып, оны аяусыз ұрып-соққан

Көрнекі фото: mamo4ki.su

35 жастағы әйелдің сегіз жастағы, екі жастағы және екі айлық балалары бар. Алайда ортаңғы екі жастағы ұлын ол отбасынан бөлек ұстап, оны ұзақ уақыт бойы аш қалдырыпты. Оған не су, не тамақ бермеген екен. Сонымен бірге, құқыққорғаушылар тасжүрек ана сәбиін аяусыз ұрып отырғанын анықтаған.

"Нәтижесінде бала емханаға жеткізіліп, оған тиісті ем-дом шаралары жүзеге асырылуда. Тәртіп сақшылары баланың бір жарым жасында да еріксіз түрде ауруханаға жатқызылғанын анықтады", - делінген Волгоград облысы бойынша ІІМ Мемлекеттік басқармасының хабарламасында.

Ол кезде сәби ауруханаға денсаулығының күрт нашарлап кеткені және күтімі болмағандықтан жатқызылған. Ал тасжүрек ана болса, оған деген еш аналық сезімі жоқ екенін жеткізді. Ол баланы тәрбиелеу үшін аштан қатырған. Ал оны басқа бөлмеге қамағанының себебін анасы "өзге балаларға кедергі келтірмеу үшін" деп түсіндірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel