RU
Алғаш рет орыс тілінде сөйлеген Тамара Асарға жұрт таңырқап қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алғаш рет орыс тілінде сөйлеген Тамара Асарға жұрт таңырқап қалды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші алғаш рет ресми тілде сұхбат беріп, жұртшылықты таңғалдырды. Бұрын-соңды еш жерде журналистермен орысша тілдеспеген Тамара Асарға жұрт тәнті болды деп жазады NUR.KZ.

Бұған дейін БАҚ өкілдерімен тек қана қазақ тілінде сұхбаттасып келген Тамара Асар отандық музыкалық арнаның марапатында ресми тілде сайрады.

Muzzone арнасының ұйымдастырған марапаттау рәсімінде музыкаға қосқан елеулі үлесі үшін арнайы сыйға ие болған әнші өз қуанышын жасырмады. Көптің арманы болған марапатты жеңіп алған Тамара Асар сахна артына шыққанда, ресми тілде сұхбат беруге келіскен көрінеді.

Қазақстандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы журналистің сауалдарына орысша жауап қайтарды. Сұхбаттың түсірілімі желіге тарап, көпшіліктің таңданысын тудырған.

Желі оқырмандары Тамара Асардың орыс тілінде де мінсіз сөйлейтініне тәнті болған.

"Орысшаңыз тамаша екен ғоЙ. Сізді орыс тілінде сөйлей алмайды деп ойлап келсем"
"Жап-жақсы сөйлеп тұр. Керемет әншісіз. Жеңісіңіз әділ"
"Қазақша сөйлеп жүрген соң, орысшасы қызық екен. Бұрында естіп көрмеген соң", - деп жазды оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
6
0
0
3
22
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel