RU
Бойжеткен ойда жоқта бейтаныс жігітке тұрмысқа шығып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Бойжеткен ойда жоқта бейтаныс жігітке тұрмысқа шығып кетті

Рассказать Вконтакте

Қытайда бойжеткен ойда-жоқта бейтаныс жігітке тұрмысқа шығып кетті. Оқиға той ұйымдастырушылар курсының емтиханы уақытында болған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: banketblog.com

Көрнекі фото: banketblog.com

Гонконгтың 21 жастағы тұрғыны жоғары айлыққа бет әрлеуші іздеп жатқаны туралы хабарландыруды көрген екен. Осылайша, ару көрсетілген мекен-жайға баруды жөн көріпті.

Алайда жұмыс іздеген қыз сол жерде қалайша той ұйымдастырудың тегін курстарына жазылғанын білмей қалған.

Курстың соңғы емтиханы Фучжок қаласында өткен. Онда бойжеткен қалыңдықтың рөлін, ал бейтаныс азамат күйеу жігіттің рөлін сомдайтын болыпты.

Курс ұйымдастырушылары қызға қиылған некені жоққа шығаратындарын айтқан. Бірақ Гонконгқа оралған ару бұл уәденің орындалмағанын біліпті.

Бойжеткен өзін алаяқтар алдап кеткеніне сеніп отыр. Оның арызына полиция қызығушылық танытпаған. Дегенмен арудың ісін Гонконг кәсіподағы Федерациясының заңгерлер қарастырып жатқан көрінеді. Олар дәл осы ару сияқты бірнеше қыздың алдануы мүмкін екенін айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel