RU
"О дүниеде де тыным жоқ": Жақындарының моласына барған қария есеңгіреп қалды
Жаңалықтар Қоғам

"О дүниеде де тыным жоқ": Жақындарының моласына барған қария есеңгіреп қалды

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана туыстарының бейітіне барған 81 жастағы зейнеткер Георгий Болдырев өз жақындарының моласын қорлағанын көріп есеңгіреп қалды. Бейттегі шойын шынжырлар, тот баспайтын болаттан құйылған тұтқалар мен қоршаудың жартысы ұрланған деп жазады Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақжайық. Авторы Анастасия Шерстянкина

Фото: Ақжайық. Авторы Анастасия Шерстянкина

Қарияның сөзінше, бұл осымен екінші рет орын алып отырған жағдай. Ұрылар алдымен апасының мәйітінің қоршауын ұрлап кетсе, енді ата-анасының қабіріне тыныштық бермеген.

Георгий Болдырев айтуынша, ұрылар көбінесе 70-80 жылдары тұрғызылған, сапасы жоғары қоршаулар қолды етеді екен.

Фото: Ақжайық. Авторы Анастасия Шерстянкина

Фото: Ақжайық. Авторы Анастасия Шерстянкина

Христан зиратын сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкер Сырым Кульчиевтің сөзінше, Мұсылман зиратынан да ұрлайтындар көп екенін айтады.

"Кеседі, аралайды, дайындап қояды да, зираттың қақпасы ашылғанда газельдермен келіп тиеп алып кетеді. Біз күмән туғызған жүк газельдерін жиі тексереміз. Кей жүргізушілер түсіністікпен қараса, кейбіреулері не тиеп келе жатқандарын көрсетуден бас тартады. Ал қарауылшылардың автокөлікті тексеруге құқығы жоқ", - дейді ол.
Фото: Ақжайық. Авторы Анастасия Шерстянкина

Фото: Ақжайық. Авторы Анастасия Шерстянкина

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
1
4
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel