RU
Суши жеуге барған ер адам ойда-жоқта қолынан айырылып қалды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Суши жеуге барған ер адам ойда-жоқта қолынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяда ер адам суши мейрамханасына бармақ болып, қолынан айырылып қалды. Тамақтан кейін 12 сағаттан соң 71 жастағы азаматтың қолы ісіп кеткендіктен, дәрігерлердің оны кесіп тастаудан басқа амалы қалмаған деп жазады newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pierredejonge.nl

Фото: pierredejonge.nl

Анықталғандай, суши жегеннен кейін 12 сағаттан соң ер адамның сол қолы ісіп кетіп, ол бірден ауруханаға бет алған. Дәрігерлер дене мүшесінің мұндай жағдайға тап болуы шикі балық құрамындағы Vibrio Vulnificus бактерияларының салдарынан екенін анықтады.

Мамандар ер адам қолының бактерияларды жұқтырған тұсын емдеп, оған арнайы дәрілер жазып үйіне жіберген.

Алайда, уланудың 25-ші күні ол өзін жайсыз сезініпе қайта ауруханаға барғанда, дәрігерлер жағдайдың ушығып кеткенін байқады. Нәтижесінде некрозға тап болған азаматтың қолын кесіп тастаудан басқа амал болмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
9
5
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel