RU
Аша Матай әкесін үйлендіре алмай жүрген жігітті "Қалаулымға" шақырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аша Матай әкесін үйлендіре алмай жүрген жігітті "Қалаулымға" шақырды

Рассказать Вконтакте

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі Аша Матай әкесін үйлендіргісі келген жігіттің өтінішін қабылдады. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Файзулла есімді жігіт Instagram парақшасында әкесінің "Қалаулым" бағдарламасын тамашалап жатқан видеосымен бөліскен. Ол Аша Матайға әкесінің шаңырақ көтергенін қалайтыны туралы айтқан екен.

Бұл видеоны байқаған тележүргізуші өз жазбасында азаматтың өтінішін қабылдағанын айтып, әкесі мен ұлын "Қалаулымға" шақырыпты.

Ол махаббатын іздеген адамдарға бағдарлама есігі әрдайым ашық екенін де айтқан.

"Әкеңіз екеуiңізді бағдарламамыздың құрметті қонағы болып, тікелей эфирді студиядан тамашалауға шақырамын. Нағашыбай аға қаламын, қатысушы боламын деп жатса, оны да қарастырамыз", - деген ол өз жазбасында.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel