RU
Шұғыл: Елдос Сметов Джакартада ауруханаға түсіп қалды
Жаңалықтар Спорт

Шұғыл: Елдос Сметов Джакартада ауруханаға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын. 

Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті. 

"Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар", - дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева. 

Айта кетейік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
1
0
27
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel