RU
Азиадада ел намысын қорғаған қазақ боксшысына қиянат жасалды
Жаңалықтар Спорт

Азиадада ел намысын қорғаған қазақ боксшысына қиянат жасалды

Рассказать Вконтакте

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарына аттанған отандық боксшы Қайрат Ералиевке қиянат жасалды. Спортшысының әділетсіз жеңілгені туралы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеді rgmedia.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

Ұлттық құрама бапкері өз шәкіртінің жекпе-жегіне көңілі толғанын айтты. Мырзағали Айтжанов отандық боксшының әділетсіз түрде жеңілгені мен оған қиянат жасалғанын ашық айтты.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

"Мен өз шәкіртімнің жекпе-жегіне көңілім толды. Ол кеше жаман жұдырықтасқан жоқ. Барынша ел намысын абыроймен қорғауға тырысты. Қарсыласынан үш раунд бойы басым болды. Өкінішке қарай, төрешілер шешімі басқаша болды. Артынан осында жүрген әріптестеріміз Қайратқа қиянат жасалғанын айтып жатты.
Қытай, жапон спортшылары да, бапкерлері де бізге Қайраттың қарсыласының жеңісіне күмәнмен қарағанын айтты. Бірақ, ол да осал боксшы емес, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы. Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жүрген боксшы.
Кезінде Серік Сәпиевке, Бақтияр Артаевқа да осындай қысымдар жасалған болатын. Бірақ, олар сол төрешілердің қиянатынан қирап құлап кеткен жоқ. Артынан талай биіктерді бағындырды. Олимпиада чемпионы болды.
Сондықтан, бір сәтсіздікке бола біз мойынсұнайық деп тұрған жоқпыз. Қайрат әлі отызға да толған жоқ. Алар асуы әлі алда деп сенемін. Бізде Олимпиада, әлем чемпиондары санаулы ғана. Сол санаулы боксшылардың бірі осы – Қайрат Ералиев, – деді бас бапкер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
7
0
1
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel