RU
Той қонақтарынан 1,5 мың доллардан әкелуін талап еткен қалыңдық жаға ұстатты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Той қонақтарынан 1,5 мың доллардан әкелуін талап еткен қалыңдық жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Канадада той қонақтарынан 1,5 мың доллардан ақша әкелуін талап еткен қалыңдық жұрттың ашуын келтірді. Бойжеткен талабы орындалмағасын тұрмысқа шықпай қойған. Бұл туралы NUR.KZ порталы bagnet.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Той. Көрнекі фото: bagnet.org

Той. Көрнекі фото: bagnet.org

Сьюзен есімді ару аста-төк той жасауды бірнеше жыл бойы жоспарлап келген. "Тым құрымағанда бір күнін Кардашьян секілді өткізуді" қалаған ару жігітімен бірге арманындағы тойына 15 мың доллар жинайды. Алайда бұл соманы жеткіліксіз санаған Сьюзен тойды 60 мың долларға өткізуді қалайды.

Сол үшін тойға шақырылған әр қонақтан сыйға 1,5 мың доллар ала келуін талап етіпті. Талабы орындалмайтынын түсінген ару атаулы күнге төрт күн қалғанда тойды болдырмай тастады.

Бұл жайттан кейін Сьюзенді жігіті тастап, құрбылары одан теріс айналған. Бойжеткен тойға жиналған ақшаны қалтасына басып, еш қайғырмастан Оңтүстік Афиркаға сапарға шығыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
4
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel