Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балалы болдым": Сәби құшақтаған Әбдіжаппар Әлқожа қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Отандық белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа перзентхана алдында түскен суреті үшін өзін "әке атанды" деп ойлаған көпшілікке жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жақында желідегі түрлі парақшаларда Әбдіжаппардың сәбилі болғаны туралы жаңалық тарап кеткен болатын.

Құндақтағы сәбиді құшақтап суретке түскен оны барша халық құттықтап та үлгерді.

Алайда әншінің өзі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Иә мен балалы болдым. Қалай десеңіз түсіндірейін...

Бауыржандай менің жақын досым ұлды болып, мені кіндік әкесі қылды. Және жақсылыққа балап ұлына менің есімімді қойды. Яғни Әбдіжаппар.

Бауы берік болсын Досым. Маған үлкен мәртебе осылай сыйлап бағалағаның", - деп жазады Әбдіжаппар.

Ал әншінің желідегі оқырмандары болса сәбидің бауы берік болсын деп, түрлі тілектерін арнады.

Сондай-ақ, көпшілік нәрестенің кіндік анасы туралы сұрақтарын жаудырып, қызығушылық танытты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749999-balaly-boldym-sbi-ksaktagan-bdizappar-lkoza-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel