RU
Әйгілі Анджелина Джоли кіммен жауласып жүр?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әйгілі Анджелина Джоли кіммен жауласып жүр?

Рассказать Вконтакте

Ажырасу мәселелерін әлі де шеше алмай жүрген Брэд Питт пен Анджелина Джоли бүгінде күллі әлем назарында. Қалың көпшілік аралары үзілген жұлдыздардың қайсысына жақтас боларын білмей әлек. Соған орай, жұлдызды жұппен дос болғандардың Брэдті жақтап кетуі, актрисаның ашуын келтірген деп жазады NUR.KZ.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Кезінде Джоли-Питт жанұясының жақын достары болған танымал тұлғалардың бұл ажырасу үрдісінде актерді жақтауы, Анджелинаның ашуын келтірген.

Онсыз да өзі жайлы ақпараттар легі тек жағымсыз бағытта болған актриса, енді достарының теріс айналуынан кірерге жер таппаған. Ашуға булыққан әйел адам күйеуінің жақтастарына ашық соғыс жариялап қойды.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Танымал актрисаның жаулары қатарына кіретін жұлдыздардың үздік үштігін Брэд Питтің бұрынғы әйелі Дженнифер Энистон бастайды.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Джоли голливудтық актрисадан күйеуін тартып алғанымен, Дженниферге тыныштық бермей келеді. Әсіресе Брэд Питтің ажырасып жатқанынан кейін, өзінің де күйеуімен айырылысқанын мәлімдеген кезде, Анджелина оны жұлып тастауға даяр болған.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Ол Джастин Теру мен Дженнифер Энистонның ажырасуына қатысты азулы пікір де айтудан жасқанбаған.

"Дженнифер бар болғаны Джастинге лайық емес. Олардың арасы жер мен көктей", - деп айтты Джоли.

Джолидің тізіміндегі екінші адам танымал актриса - Мишель Пфайфер. "Малефисента" фильміндегі әріптесімен Анджелина түсірілім кезінде ұстасып қалған. Ажырасу үрдісіне орай актриса үлкен күйзеліске шалдыққандықтан ессіз қылықтарға жол берген.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Мәселен, ол түсірілім алаңында өзіне арналған бөлменің Мишельдікінен әлдеқайда үлкен болып, бояуды бірінші өзіне жасатуды талап еткен. Жұлдызды актрисаның бұл еркелігіне көпген кино продюсерлері оның айтқанын орындады.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Алайда, МишельПфайфер оған жауап қайтарудың орнына, өзін кәсіби маман ретінде ұстап, жұмысын жалғастыра берген. Ол тіпті, ашулы Джолидің әрекеттеріне көз жұма қарады.

Анджелинаның ең жек көретін тұлғасы Амаль Клуни болып шықты. Ол бұрынғы күйеуінің ең жақын досының әйелін мүлде жақтырмайды. Тіпті, кейбір актрисаға жақын адамдардың айтуынша, ол Амальдың жетістіктерін қызғанып, көре алмаған.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Анджелинаны Клуни отбасының бұрынғы күйеуін жақтап кеткені мен қатар олардың қайырымдылықпен айналысқаны ашуландырған. Ұзақ уақыт бойы дос болып келгендердің теріс айналуы Анджелинаның жанын ауыртқан.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Оған қоса, өзін ғана қайырымдылық ханшайымы сезініп қалған актриса Амаль Клунидің бұл салаға аяқ басуына риза болмады. Тіпті, Джоли оның қорғаушылық қызметіндегі жетістіктерін көре алмаған.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

"Анджелинаның ажырасу кезіндегі әрекеті мүлде миға қонымсыз. Ол өзін құдды есі ауысқан адамдардай ұстайды",- деп айтқан Амаль Клуни.
Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Араларындағы кикілжіңдерге қарамастан, Амаль Джолимен қарым-қатынасын дұрыстап алуға бекінген. Алайда, танымал актриса оның ықыласын қабылдамай қайған. Сәйкесінше, Джордж Клунидің әйелі шабуылға соққымен жауап беру саясатына ауысқан.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Бүгінде екі әйелдің ортақ достары да екі жаққа бөлінуге мәжбүр болуда.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel