RU
Құрбан айт мерекесінде 60 мыңнан астам отбасыға ет таратылған (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Құрбан айт мерекесінде 60 мыңнан астам отбасыға ет таратылған (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың тапсырмасымен дін қызметкерлері құрбан айтта еліміздегі 61 191 жанұяға 439 тонна 943 келі құрбандық етін таратты. Бұл туралы muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Мешіт тарапынан үлестірілген ет қарттарға, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, көп балалы жанұяларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша тұрмысы төмен жеке тұлғаларға берілді.

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Сонымен қатар, бүлдіршіндер мен кəмелетке толмаған балаларға арнайы сыйлықтар берілді.

"Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт қатысқан.

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Айта кетейік, биыл мұсылман қауымы құрбан айтты 21 тамыздан бастап тойлады.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel