RU
Экранды қалай қараймыз: 1,8 млрд теңгеге салынған Астанадағы нысан күлкіге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Экранды қалай қараймыз: 1,8 млрд теңгеге салынған Астанадағы нысан күлкіге қалды

Рассказать Вконтакте

Астанада ақтөбелік кəсіпкерлер сыйға тартқан нысан елордалықтарға жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Абай Отардың Facebook парақшасынан алынды

Фото: Абай Отардың Facebook парақшасынан алынды

Қала тұрғындарына монументтің астында орналасқан "лед экран" ұнамаған.

"Біраз уақыттан бері салып жатыр. Бүгін ашылыпты. Қай уақытта бітірген? Президент келеді деген соң бітірген шығар. Ал мына дисплей өткеннен бері осылай тұр. Қанша ақшаға салынған дүниені алып тастамайтын шығар. Алдын - ала ойластырылмаған ғой", - дейді қала тұрғындары.

Сонымен бірге олар нысанға бөлінген қыруар ақшаның желге кеткенін айтты.

"Қанша ақшаға салынған нысан ғой. Дисплей астында болса бола берсін, амал жоқ. Жұртқа ештеңе жақпайды. Тек осыған кеткен ақшаны аяйсың", - деді астаналықтар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
2
3
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel