Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызына елден көмек сұраған қазақ жігітінің АҚШ-та қымбат пәтер жалдағаны күмән тудырды

Опубликовано:

Денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған Әлима Көпейдің әкесі Алтай Көпей "қайырымды жандардың ақшасына АҚШ-та қымбат пәтер жалдап, көлік сатып алды" деп айыптағандарға жауап берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қолы ашық жандар Әлиманың тезірек жазылуын қалап, ерлі-зайыптыларға қыздың отасына қажет қомақты қаражатты жинап беруде. Осы орайда желі қолданушылары арасында Әлиманың ата-анасы қыруар ақшаны қыздың еміне емес, өздеріне жұмсауда деген айыптаулар да айтыла бастады.

Әлиманың әкесі Алтай Көпей бұл айыптауларға қатысты басылымға берген сұхбатына жауап қатты.

"Бізді емханадан шалғай орналасқан Хьюстонның элиталық ауданында пәтерді жалға алды деп айыптауда. Нағыз элиталық аудан ол - DownTown. Барлық медициналық мекемелер шоғырланған ол жерде біз бастапқыда бес күн тұрдық және тәулігіне 120 доллар төледік. Ол жерде тарақан басқан пәтерлердің өзі 1000 доллар тұрады. Ал оңтүстік жағында пәтер арзан болғанымен, есірткі мен атысқа толы қауіпті аудан. Афроамерикалықтар мен латиностар тұратын жер.

Ал біз отандастарымыз шоғырланған аймақта тұрып жатырмыз. Бұл жер, әрине ең қорқынышты жер емес, біздің жолымыз болды. АҚШ-та пәтер жалдауға қатысты өтінішті қарау үшін адам басына 200 доллар төлеуің керек, алайда бұл ауданда көк тиын алмады. Оның үстіне мұнда қазақстандықтар тұрғасын ақшамыздың 500 долларын қайтаратын акция ұсынды. Одан бөлек демалыс маусымы басталмағасын біз бір ай тегін тұрдық... Пәтер үшін айына барлығы 1100 доллар шықты. АҚШ үшін бұл өте арзан», - дейді ол.

Ал көлік сатып алды деп айыптағандарға Көпей келесідей жауап қайтаруда.

"Бұл жерде көлік сатып алмай, автобуспен немесе таксимен жүру әлдеқайда қымбатқа түседі. Такси миліне 2.60$ сұрайды, емханаға дейін 12 миль (барып-қайтуымыз 70 долларға түседі). Автобус - 1.50$, екі сағаттан артық уақыт қоғамдық көлікпен жүру керек. Ал көлікпен 20-25 минутта жетесің. Бензин галлонына 2.50$ тұрады. Ал көліктің құны - 6000 доллар. Менде отбасылық микроавтобус. Өзге көлігім жоқ. Мұнда жұмыссыз қол қусырып отырған жоқпын", - дейді Көпей.

Көпей өзінің 2006 жылғы lexus GS430 көлігін қызының емі үшін сатылымға қойғанымен, одан еш нәтиже болмағанын алға тартты.

"Менің көлігімнің құны - 4 млн теңге. Көлемі 4,3 болғандықтан (салығы 260 000 теңге), көбі одан ат тонын ала қашады. Сеулге ұшқанға дейін оны арзанға сатып жібермек болдым. Сату туралы хабарландыруды екі ай бұрын бергенмін. Содан кейін "Колеса" сайты арқылы сатпақ болдым. Алайда еш нәтиже шықпады", - дейді Көпей.

Ол өз пәтерін сатып жіберуге мәжбүр болғанын алға тартты.

"Басты сұрақ - пәтер. Біздің Алматыда пәтеріміз болған емес, Астанада ғана пәтеріміз болды. Алматыда пәтеріміз бар, оны енді ғана сатып жатырмыз дегені нағыз өтірік. Бұл өтірікті айтқан адамға сотта шағым түсіреміз. Әйелімнің анасы Астанадағы пәтерін бірден сатты. Мен де әйелім Айжанмен бірге пәтерімді әлдеқайда арзан бағаға сатып жібердім. Бүгінде тек өз анамның пәтері ғана сатылмай тұр, себебі ол өте ескі", - деп жалғастырды қыздың әкесі.

Алтай Көпей баласының денсаулығы жақсарып, көптің көмегімен емханадан шыққанын айтып, желі парақшасында жазба қалдырған.

"Біздің ханшайымды емханадан шығарды. Алақай. Отадан кейінгі ауыр күндерді еңсере алдық. Әлима өзін жақсы сезінеді. Бәріңе рақмет... Әлимаға емханадан демалат тұруға уақыт берілді. Үйінде отбасымен бірге оның жағдайы жақсара түседі", - деп жазған Алтай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750051-kyzyna-elden-kmek-sragan-kazak-zigitini-aks-ta-kymbat-pter-zaldagany-kmn-tudyrdy/

pixel