RU
Түркістан облысында бес баласын бағып отырған жалғызбасты әке елден көмек сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында бес баласын бағып отырған жалғызбасты әке елден көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында Бағлан Темірбеков бес баласын жалғыз бағып отыр. Туған аналары тастап кеткен перзенттерін отағасы бауырына басып, үш жылдан бері өзінің қамқорлығына алған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Бағлан Темірбеков балаларымен. Фото: NUR.KZ

Бағлан Темірбеков балаларымен. Фото: NUR.KZ

Бағланның әйелімен ажырасқанына жеті жылдан асқан. Оларда ортақ бес бала бар. Қазір олардың барлығы әкелерімен тұрады. Балалары анасының қасына бармаймын деп жылайды екен. Сондықтан, әке перзенттерін бауырына басып, өзі қарауына тура келген.

"Жұмысқа шығайын десем, бала-шағамды қараусыз тастап кете алмаймын. Бесеуін қадағалап отырмасаң болмайды. Мемлекеттен ай сайын жәрдемақы аламын. Бірақ оның өзі тамақтан артылмайды. Дүкеннен айлап қарызға азық-түлік аламыз. Жәрдемақы түскенде қарызды жабамыз. Әйтеуір өлместің күйін кешіп жүрміз", - дейді жалғыз басты әке Бағлан Темірбеков.

Бағлан Темірбеков балаларымен. Фото: NUR.KZ

Бағлан Темірбеков балаларымен. Фото: NUR.KZ

Жалғыз басты әкенің бес баласы да мектеп жасында. Бірақ қаражаттың жоқтығынан әкесі балаларын мектепке дайындауға мүмкіндігі болмай жүр. Ай сайын түсетін қаржыға балаларын киіндірейін десе, ас ауқатсыз қалады. Бір-екі күннен кейін жаңа оқу жылы басталғанымен, бес оқушы мектепке баруға дайын емес. Жалғыз басты әкенің уайымы осы.

"Бес баламды қалай мектепке апаратынымды білмеймін. Әлі мектепке дайын емеспіз. Еркек болып, біреуден көмек сұраған ұят екен. Бірақ амал жоқ, бала-шағам үшін бәрін істейді екенсің. Қайырымды жандардың көмегіне зәруміз. Қара шаңырақта қария анам бар. Бірақ ол кісінің өзі мүгедек. Қазір тұрып жатқан баспанамның өзіне бауырларым менімен таласып жүр. Бұл үйді алып қойса, алты бала-шағаммен далада қалайын деп тұрмын", - дейді жалғыз басты әке Бағлан Темірбеков.

Жалғыз басты әке бала-шағасынан бас тартпаймын дейді.Баспанасыз қалса, бес баласымен далада қалмақ. Ал бес баланың туған анасы перзенеттеріне көмектеспек түгілі, хәл сұрауға құлықсыз екен.

Жалғыз басты әкеге көмек қолын созамын деген қайырымды жандар болса 8-771-383-05-93 нөміріне хабарласса болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
7
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel