RU
Ақтауда ажырасқан күйеуі тыныштық бермеген келіншек өмірі үшін қорқатынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда ажырасқан күйеуі тыныштық бермеген келіншек өмірі үшін қорқатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтауда екі баланың анасы күйеуінен ажырасып кетсе де, одан қоқан-лоққы көруде. Бұрынғы әйелін ұрып-соқтыру үшін арнайы адам жалдаған ер адам жауапкершіліктен қашып құтылған. Орын алған әділетсіздікті көре әйел адам өз мен балаларының өімірі үшін алаңдауда деп жазады inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lucina.kz

Фото: lucina.kz

28 жастағы Айгүлдің айтуынша, күйеуімен ол 2016 жылы ажырасып кеткен. Алайда, ер адам екі жыл бойына бұрынғы әйеліне тыныштық бермей, оны қайтарып алуға тырысқан. Өзін өзгеруге мүлде ұмтылмаған азамат, әйеліне күш көрсетіп қайтармақ болды.

Айгүлге қоқан-лоққы көрсетіп бопсалаған ол ақыр-соңы одан өш алуға кірісті. Ол арнайы адам жалдап, бұрынғы әйеліне шабуыл жасатпақ болды.

Нәтижесінде, 2018 жылдың сәуір айында үйіне кіріп келе жатқан келіншекті белгісіз біреу соғып тастайды. Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарының арқасында қылмыскердің кім екені анықталып, ол қолға түскен.

Жауап беру барысында ол өзін Айгүлдің бұрынғы жолдасы жалдағанын айтып тастады. Оған қоса, бұзақы ер адамның оны көлікте күтіп отырғанын да жасырмай жайып салды.

"Қылмыскердің өз ісін мойындап, оны кім жалдағанын да айтқанында бәрі жақсы болады, іс әділ өтеді деп ойладым", - деп айтты әйел адам.

Алайда, артынан тергеуші істі "Бұзақылық" бойынша қозғап, екі айдан кейін қылмыстық әрекеттер таба алмағандықтан жауып тастаған.

"Олар істі бастапқыда-ақ дұрыс қозғамаған. Қорғаушым екеуміз тиісті мекемелердің барлығына арыз жаздық. Мені соғып тастаған адамға үш күнге қамауға алу белгілеген. Ал оны жалдаған бұрынғы күйеуім болса, мүлде іске қатысы жоқ болып шықты", - деп ашынды ол.

Айгүл тиісті жерлерге шағым түсіргенімен, оның арызын еш жерде қабылдамай жатыр.

"Менің оқиғамды барлығы Отбасылық іс деп қарауда. Алдын ала ақылдасып істелінген қылмыс қалайша әкімшілік тұрғыда қарастылады? Бұрынгғы күйеуім өзін құтылып кеттім деп ойлап, тағы одан бетер әрекетке барады ма деп қорқамын. Мен бар болғаны қылмыскерлер өз тиісті жазасын алғанын қалаймын. Балаларымның болашағы үшін қорқамын", - деп айтты Айгүл.

Бүгінгі күні екі баланың анасы Бас прокуратураға арыз түсіру үшін тиісті құжаттарды жинап жатыр. Ол әділеттікке қол жеткіземін деген үмітте.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
8
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel