RU
Ақтөбеден тарту: Назарбаев Астанада ақтөбелік бизнесмендер салып берген нысанды ашты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеден тарту: Назарбаев Астанада ақтөбелік бизнесмендер салып берген нысанды ашты

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының елордаға арнаған тартуын ашты. Ақтөбелік кəсіпкерлер Астананың 20 жылдығына 1200 граниттен соғылған "Бейбітшілік қабырғасын" сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: NUR.KZ

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: NUR.KZ

Нысан Астананың бас алаңындағы "Қазақ елі" монументі жанында бой көтерді. Ескерткіштің дəл бүгін ашылуының да өзіндік сыры бар. Бүгін 29 тамыз - халықаралық ядролық қаруға қарсы күн болып табылады. Ал, осыдан тура 27 жыл бұрын мемлекет басшысы Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойған еді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кетерлігі монументте "бейбітшілік" сөзі əлемнің 51 тілінде жазылған. Сонымен бірге нысан құрылысына 1200 тоннаға жуық гранит жұмсалған. Оның құрылысына 1,8 млрд теңге ақша жұмсалған. Қаражаттың барлығын дерлік Ақтөбе облысының кəсіпкерлері көтерген.

Монумент үш бөліктен тұрады сонымен бірге ұзындығы 111 метрді құрайды. Ал биіктігі 17,5 метрді құраса, жалпақтығы 18,4 метрді құрайды.Жапырақ тəріздес монументте арнайы лед-экран да бар. Ол 2,5 млн-нан астам светодоилтардан тұрады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel