Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертіс жағасында жүрген Бүркіт пен Айдана Меденова елдің күдігін тудырды (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әншілер Бүркіт пен Айдана Меденова бірге түскен суреттерін желіге жариялап, бастары "бәлеге" қалды. Бірдей түсті жейде киіп алған екеуін көпшілік жарастырып қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

Ертіс жағасында жүрген Бүркіт пен Айдана Меденова елдің күдігін тудырды (фото)
Фотоколлаж: NUR.KZ: UGC

Instagram желісінде жұрттың талқысына түскен суретті алдымен Бүркіт өз парақшасында бөліскен.

"Сәлем! Ертістің бойында Айданамен!", - деп жазған әншіге оқырмандары сұрақты шетінен жаудырды.

Олардың басым бөлігі "Аиша қайда?" деген сауалға жауап іздесе, енді бірі қос әншінің "жарасымды жұп" екенін жазған.

Сәлден соң Айдана Меденованың парақшасында да Бүркітпен түскен суреті пайда болды.

Ол Семейге бара жатқан жолда үш рет транспорт ауыстырғандарын алға тартқан.

Желі қолданушылары болса екеуінің бірдей киініп алғанына аса мән беріп, бұл сурет әншілер тарапынан күдік туғызғанын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1750085-ertis-zagasynda-zrgen-brkit-pen-ajdana-medenova-eldi-kdigin-tudyrdy-foto/

pixel