RU
Шымкенттіктер Оңтүстік Кореяны да "жаулауға" кірісті
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттіктер Оңтүстік Кореяны да "жаулауға" кірісті

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяға нәпақа табуға кеткен қазақстандық Әйгерім ондағы отандастарымыздың өмірі туралы айтып берді. Бұл туралы бойжеткен Замана басылымына мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: On-desktop.com

Фото: On-desktop.com

Ару Оңтүстік Кореяға турист визасы бойынша кеткен. Алайда шет елге барған соң ол кері қайтатын билетін сатып жіберіп, бірден пәтер іздеген екен.

Нәтижесінде, 300 мың теңге кепілдігін және 100 мың теңге бір айлық пәтерақысын төлеп, жайлы үйге орналасыпты.

Бастапқыдан жұмысты жоспарлап барған Әйгерім таныстарының көмегімен бірден қызметке орналасқанын айтады. Ол алғашында тазалыққа жауапты маман болса, уақыт өте жұмысын өзгертіп тұрыпты.

Ару Кореяда қазақстандықтардың өте көп екенін, олар үнемі бас қосып тұратынын да жеткізді. Ол онда жұмыс істеп жүрген адамдардың көп бөлігі Шымкенттен екенін де айтты.

"Мұнда қазақтар аз емес. Тараз, Көкшетау, Қарағандыдан, әсіресе Шымкенттен келгендер  өте көп. Жерлестеріммен танысып жатқанда менің де шымкенттік екенімді білген біреуі: «Шымкенттіктер жақында Кореяны да жаулап алғалы тұр», – деп қалжыңдаған еді.
Тексерісі аз жүретін бірнеше қалада Шымкенттен келген аға-інілер, әпке-сіңлілер тұрып жатыр. Ара-арасында бір-бірімізді іздеп, сәлемдесіп жатамыз", -деді Әйгерім.

Сондай-ақ, бойжеткен Кореяда адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орында тұратынын, кәрістер әдемілікке қатты көңіл аударатынын түртіп өтті.

Одан бөлек, Әйгерім Кореяда қыздар есеппен тұрмыс құратынын, ал өз ойында кәріс жігітке тұрмысқа шығу жоқ екенін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
2
23
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel