RU
Келінінің той көйлегін рұқсатсыз киіп алған енесі оны жыртып қойды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Келінінің той көйлегін рұқсатсыз киіп алған енесі оны жыртып қойды

Рассказать Вконтакте

Колумбияда енесімен әу бастан тіл табыса алмаған келін көпшілікке мұңын шақты. Айтуынша, енесі той алдында оның қалыңдық көйлегін рұқсатсыз киіп, жыртып тастаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Той көйлегі. Көрнекі фото: GETTY - CONTRIBUTOR

Той көйлегі. Көрнекі фото: GETTY - CONTRIBUTOR

Қалыңдықтың сөзіне сенсек, енесі тойға қатысты барлық мәселеге араласа бастайды. Алдымен шетелде той жасамақ болған бойжеткенге енесі қарсы шығыпты. Ол тойға көп шығын кететінін алға тартып, шу шығарады.

Тіпті "неке жүзігін тым қымбатқа сатып алғандарын айтқан енесі бұл ақшаға "Африкада ашаршылыққа душар болған балаларды тойдыруға болатынын алға тартқан".

Бәрін қойып, келініне той көйлегі жараспайтынын, оған салмақ тастау керектігін айтқан енесі оның әбден шыдамын тауысады.

Бойжеткен бұл жайттардан кейін той мәселесіне енесін мүлде араластырмауды ұйғарады. Алайда енесі қалыңдықтың үйіне кіріп алып, көзін ала бере оның той көйлегін киіп көреді.

"Үйге кіріп келсем, енем менің көйлегімді шеше алмай абыр-сабыр болуда. "Бұл не сұмдық" деп айқайлап жіберіп, оған сыймай тұрған көйлегімді шешуін талап еттім. Ол қымбат көйлегімді жыртып, шлейфін былғап үлгеріпті.

Онымен қоймай той көйлегімді іш киімсіз киіп алған екен. Әбден жиіркендім. Неге олай істегенін сұрағанымда, көйлектің маған расымен сыятынына көз жеткізу үшін өзі киіп көрмек болғанын алға тартты. Кешірім сұраудың орнына мені тым ашық-шашық көйлек алғансың деп ұрсып қоя берді", - дейді қалыңдық.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
2
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel