Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте кішкентай қызын туған күнімен құттықтаған Назима елді сүйсіндірді

Опубликовано:

Ресейлік арналардың бірінде өткен "Песня" байқауында жұлдызы жанған қазақстандық Назима туған жері Шымкентке келді. Мәскеуде танылған қазақ әншісі екі жасқа толған қызын туған күнімен құттықтап, көпшіліктің жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкентте кішкентай қызын туған күнімен құттықтаған Назима елді сүйсіндірді
Назима. Фото: Instagram: UGC

Шырайлы қалаға ат басын бұрған Назима жерлес жанкүйерлерімен жүздесіп үлгерген.

Фан-кездесу ұйымдастырған ол еліміздің басқа қалаларына да жол түсіп қалуы мүмкін екенін жазады.

Сондай-ақ, ол парақшасына көпішілікті тәнті еткен видео жариялады.

Әйгілі "BLACK STAR" командасына мүше болған ару өзінің туған қызын екі жасқа толуымен құттықтаған.

Аталмыш роликті 800 мыңға жуық адам тамашалап, екі мыңнан аса пікір қалдырылған.

Желі қолданушылары Назиманың қызына да, өзіне де ұзақ ғұмыр тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1750104-symkentte-kiskentaj-kyzyn-tugan-knimen-kttyktagan-nazima-eldi-sjsindirdi/

pixel