RU
Тұрғын үй борышқорларынан берешекті қалай өндіріп алуға болады?
Жаңалықтар Қоғам

Тұрғын үй борышқорларынан берешекті қалай өндіріп алуға болады?

Рассказать Вконтакте

Кондоминиум объектісін басқару органдарының басшылары (ПИК, басқару ұйымы және т.б.) көпқабатты тұрғын үйдің (КТҮ) ортақ мүлкін ұстау үшін ай сайынғы жарналарды ескермейтін зиянды борышқорларға жиі шағымданады. Сот тәртібінде қарызды өтеу ұзақ және күрделі үдеріс болып табылады. Берешекті жинаудың қарапайым және жылдам тәсілі бар ма?

Тұрғын үй борышқорларынан берешекті қалай өндіріп алуға болады?

Көрнекі сурет: zhkh.com.kz

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Тұрғын үй қорын дамыту және тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы Ерболат Садырқұловтың пікірінше, берешекті сот шешімі негізінде өндіріп алуға болады. Негізгі тұстарды ерекше атап өтейік.

Бұйрықтық іс жүргізудің маңызды шарты – қойылған талаптардың даусыздығы. Демек, онда тараптар талапкер мен жауапкер емес, өндіріп алушы мен борышкер деп аталады.

Бұйрықтық іс жүргізуде ақша немесе жылжымалы мүлік қана өндіріп алынады, жылжымайтын мүлікке сот шешімі шығарылмайды.

Бұйрықтық іс жүргізу өндіріп алушы ұсынған құжаттарға негізделген. Сотқа тараптар шақырылмайды, сот талқылауы жүргізілмейді.

Егер үй-жай иелері әрбір мерзімі өткен күннің жалпы шығындарынан міндетті төлемдер төлемесе, келесі айдың бірінші күнінен бастап, қарыздың мөлшері бойынша заңнамада белгіленген мөлшерде өсімпұл салынады.

Егер берешек (негізгі берешек пен өсімпұл) негізсіз себептермен төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін үш ай ішінде өтелмесе, басқару органы талап қою мерзімі ұзартылмайтын берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге құқылы.

Бұл шығыстарға жатпайтын шығыстар (қосымша шығындар) сот бұйрығы бойынша өнрдіріп алынбайды.

Сот бұйрығын енгізу туралы өтініш сотқа аумақтық сотқа жататын жалпы ережелері бойынша жазбаша түрде немесе электронды құжат түрінде беріледі және мемлекеттік баждармен төленеді.

Өтініш алудан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік баж өндіріп алушыға қайтарылады. Сот бұйрығының күші жойылған кезде мемлекеттік баж қайтарылмайды. Істі қарау тәртібі бойынша өндіріп алушының борышкерге талап қойған кезде ол төленетін мемлекеттік баж салығы бойынша есептеледі.

Мәлімделген даусыз талаптар туралы сот бұйрығын судья сотқа арыз түскеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде шығарады, судья қол қояды және келесі күннен борышкерге беріледі немесе жіберіледі.

Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап немесе оның шешімі туралы хабардар болған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы сотқа мәлімделген талапқа қарсылық жіберуге құқылы.

Борышкердің қарсылықтары сот бұйрығын шығару туралы өтініште көрсетілген даудың мәні туралы тиісті дәлелдемемен расталуға тиіс.

Егер белгіленген мерзім ішінде борышкерден мәлімделген талапқа қарсылық түссе немесе соттың бұйрығы басқа тұлғаның құқықтары мен міндеттерін қозғаса, сол тұлғадан сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес келмеуі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.

Судья қарсылық немесе арыз түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей соттың бұйрығын жою туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда өндіріп алушының мәлімделген талабы талап өндірісі тәртібінде ұсынылуы мүмкін екендігін түсіндіреді. Сот бұйрығының күшінің жойылуы туралы ұйғарымның көшірмесі борышкерге ол шығарылған күнінің келесі күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

Сот бұйрығының күшінің жойылуы туралы сот ұйғарымы прокурордың өтініші бойынша шағымдануға және қайта қарауға жатпайды.

Егер белгіленген мерзімде борышкерден қарсылық келіп түспесе, судья өндіріп алушыға соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әділет органына орындалуы үшін ұсынуға береді (немесе оны жеке жібереді).

Ерболат Садырқұлов мұндай берешекті өндіріп алу рәсімінің маңызды артықшылықтарының бірі - ұзақ сот істерінің жоқтығы екенін атап өтті. Алайда, соттың бұйрығына борышкердің жазбаша қарсылығы болған жағдайда, басқару органына талап өндірісі тәртібінде өндіріп алуға тура келеді.

Сонымен қатар, тіпті бұйрықтық іс жүргізуді өткізу және сот бұйрығының борышкерге келіп түсу фактісі де оң әсерін тигізуі мүмкін, мәселен берешекті өтеуге ынталандыру (болашақта ұзақ уақытқа созылған және борышкер үшін сәтсіз соттық тергеулерге байланысты) және келешкте оған жол бермейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel