RU
Қапшағайда кәріз құдығында көз жұмған ер адамдарға қатысты жаңа дерек шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қапшағайда кәріз құдығында көз жұмған ер адамдарға қатысты жаңа дерек шықты

Рассказать Вконтакте

Қапшағайда кәріз құдығына түсіп өлген жұмысшылар қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Құтқарушылар мәйіттерді шығарған кезде тыныс алу жолдарын қорғайтын ешқандай құрал-жабдықтарын болмағанын айтып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Қапшағайда кәріз құдығында көз жұмған ер адамдарға қатысты жаңа дерек шықты

Көрнекі фото: total.kz

Жауапты мекеме қол астындағы қызметкерлерінің қауіпсіздігіне атүсті қараған болуы мүмкін. Алайда, жергілікті шенеуніктер мұны дереу теріске шығарды.

Қайғылы оқиға мына құбырдың басында болған. Бірінші респиратор киген бір жұмысшы ғана түскен екен. Алайда, ол ұзақ уақыт төбе көрсетпей қойған соң екі әріптесі артынша түсіп кетіпті. Алайда, құбырды тазалуға түскені де, оны құтқаруға кеткендер де сол күйі қайтып оралмаған. 

Кәріз құдығында уланып қаза тапқандардың үшеуі де «Қапшағай су арнасының» белді қызметкерлері екен. Түменбаев пен Ахметов  бесінші разрядтағы слесарь болса, ал Әлиханов  үшінші разрядтағы дәнекерлеруші.

Үшеуі де осы салада он жылға жуық жұмыс істеген. Қайғылы оқиға болған күні жөндеу тобы қысқа дайындық жұмыстарын жүргізген екен. Қалдықтарды тазартуға жер астына тек Ахметовтің өзі түсіп-шығуы тиіс болған. 

"Бірінші түскен адам өзінің арнайы киімімен түскен. Ал енді соңғы екі адам соны құтқарамыз деп, өздері шыға алмай қалған. Газдың улануын  уақытында қарайтынбыз деді. Мұнда «Марвен фуд» мекемесі қосымша қосылып отыр. Соның әсерінен бе деген пиғыл бар. Әрине, мұның бәрі зерттеледі, бәрі ақиқатына жетеді деп ойлаймыз", - дейді Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Ақтанберді Нарматұлы,.

Мәйіттерді құдықтан алып шыққан құтқарушылардың уәжі басқа. Жұмысшылардың өліміне жалғыз себеп  - техникалық қауіпсіздіктің сақталмауы.

"Шығарған кезде қаза болған азаматтарда  тыныс алу мүшелерін қорғайтын арнайы құрылғылары жоқ екені анықталды. Алдын-ала болжам бойынша ол жерде енді техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмаған деп санаймыз", - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев.

Десе де, құдықтан шығарғандардың сөзін кабинетте отырғандар теріске шығарды.

"Төтенше жағдай бойынша, еңбекті қорғау бойынша ережелерін, бүкіл шараларын өтеді. Және жұмыс орнында техника қауіпсіздігін сақтау ережелері бәрі өткізіледі", - дейді «Қапшағай су» МКМ инженері Ерлан Атчиев.

Әр өзінің заңға сай уақытында. Құдықтың басында техникалық қауіпсіздік сақталды ма, жоқ па енді оны комиссия анықтайды. Респиратор ма, әлде мынадай құдық маңында шашылып жатқан мынандай медицналық бетперде ғана киіп түскені де белгісіз. Апталдай үш азаматтың ажалы неден болғанын анықтауға мамандарға он күн уақыт берілді. Алматы облысында кәріз құдығына түсіп өлген бұл бірінші жағдай емес.

Екі айға жуық уақыт бұрын Шелектегі аурухана аумағындағы құбырды тазалаймыз деп  екі сантехник пен бір медицина қызметкері газға тұншығып қаза тапқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
6
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel