RU
Мереке күндері еліміздің көп бөлігінде күн суытады
Жаңалықтар Қоғам

Мереке күндері еліміздің көп бөлігінде күн суытады

Рассказать Вконтакте

Алдағы мереке мен демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, күн суытуы ықтимал деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алдағы мереке күндері елімізде ауа райы қандай болмақ?

Көрнекі сурет: Zakon.kz

Шығыс, Солтүстік пен Орталық Қазақстанда нағыз күз күнтізбе бойынша басталғалы тұр. Ауа температурасы күндіз 15-23 градустан 8-15 градусқа дейін төмендейді.

Ал түнде 2-7 градус аралығында болады. Жаңбыр төпелеп, күн күркіреуі мүмкін.  Алматы облысында да қатты нөсер болады деген болжам бар.

Салдарынан таулы аймақтағы өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін. Ал еліміздің оңтүстігі мен батысына жауын-шашынсыз , жылы да жайлы қоңыр күз келеді. Мұнда сынап бағамы 27 мен 34 градус аралығында болмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel