RU
Шығыс Қазақстанда 14 жасқа толмаған қыздар маскүнемдер тізіміне енген
Жаңалықтар Қоғам

Шығыс Қазақстанда 14 жасқа толмаған қыздар маскүнемдер тізіміне енген

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында 14 жасқа толмаған екі қыз маскүнемдер ретінде тіркеуге алынған. Бұл туралы kaz.altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: zhenskayaplaneta.ru

Фото: zhenskayaplaneta.ru

Статистикалық мәліметтерге қарағанда өңірдегі ішімдікке әуес әйелдердің 923-і 35-44 жастағы келіншектер болып шыққан. Ал олардың 335-і алпыстан асқан қариялар екені анықталған екен.

Облыстық диспансердің ақпараты бойынша аймақта ішімдікке әуес 3076 әйел тіркеуде тұр. Ал араққа салынған әйелдер Семейде, Өскемен мен Риддерде, сондай-ақ, Шемонайха өңірлерінде көп болып шыққан.

Диспансердің бас дәрігері Хабдылманап Смағұлов өткен жылға қарағанда биыл маскүнем әйелдердің саны 10,1% -ға азайғанын айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel