RU
Тас жолда жүрген арыстандар жұрттың үрейін алды
Жаңалықтар Әлемде

Тас жолда жүрген арыстандар жұрттың үрейін алды

Рассказать Вконтакте

Youtube желісінде тас жолда кетіп бара жатқан ондаған арыстанның видеосы тарады. Бейнежазба оңтүстікафрикалық Крюгер ұлттық саябағында түсіріліпті деп хабарлайды sb.by сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видео авторы Рэм Гойел бұл шеру саябаққа адам келмей тұрған кезде болғанын айтады. Ал арыстандардың адамдарға тиісетін ойы болмапты.

"Бұл таңғажайып көріністі ұмыту мүмкін емес. Олар біздің қасымыздан өтіп кеткені жақсы болды. Мен оларға кедергі келтірмес үшін шетке шықтым", - деді саяхаттаушы.

Алайда бірнеше минуттан соң жолда көліктер пайда болған. Бұл уақытта арыстандар оларға жол берген екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
2
0
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel