RU
Тиматиді таң қалдырған қазақ қызына Шымкенттің әкімі велосипед сыйлады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тиматиді таң қалдырған қазақ қызына Шымкенттің әкімі велосипед сыйлады

Рассказать Вконтакте

Шымкент әкімі Тиматиді таң қалдырған қазақ қызы Назимаға алғыс сезімін білдіріп, сыйлыққа велосипед пен соңғы маркалы үлгідегі iPhone телефонын сыйға тартты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ғабидолла Әбдірахымов «Песни» шоуының финалисті Назима Жәнібекованы арнайы қабылдады. Кездесу барысында қала «мэрі» Шымкент қаласын ТМД елдерінде ғана емес, әлемдік аренада танымал болуына қосқан үлесі үшін жас орындаушыға алғыс сезімін білдіріп, рэп орындаушы қазақ қызы қаланың оң имиджін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қоса беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде ерекше дауыс иесі Назима шығармашылық жұмыстары арқылы туған қаласының имиджін көтеруге өз уәдесін берді. Жас әншіні кабинетінде қабылдаған Шымкент басшысы Назимаға велосипед және iPhone телефонын табыс етті. Еске сала кетсек, шымкенттік Назима Жәнібекова Ресейді бағындырмас бұрын қазақстандық шоу-бизнесте қыздар тобының құрамында өнер көрсеткен.

Алайда ару танымалдылыққа "ТНТ» телеарнасындағы «Песни» жобасына қатысқае соң ие болды. Жобаның ақтық сынына дейін жеткен Шымкент тумасы Тиматидің продюсерлік тобындағы Black Star командасының құрамына кірді.

Бүгінде оның орындауындағы бірнеше туынды ТМД елдерінде хит әндердің қатарынан көрініп жүр. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
0
1
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel