RU
Алматыдағы қатаң режимдегі түзеу калониясы туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы қатаң режимдегі түзеу калониясы туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Тікенекті сым, дуалдың сыртындағы мұнара және темір есікпен қоршалған ЛА 155/8 ерлер калониясында тәртіп қатаң қадағаланады. Қылмыскерлердің туыстары ашық есік күнінде де тек тізім арқылы ғана кіреді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

ЛА 155/8- қатаң режимдегі түзеу калониясы.

Мұнда бірнеше адам өлтіргендер, озбырлар мен педофилдер, сондай-ақ, ұрлық пен есірткі сатумен айналысқан, қарақшылық ұйымдастырған қылмыскерлер жазасын өтеп жатыр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бас бостандығынан айырылғандардың қатарында 58 жастағы Григорий Кислицин бар. Азамат калонияда өзінің алты жылын өткізіпті. Ол сыбайластарымен бірге бес адамды өлтіргені үшін сотталған екен.

Григорий қатысқан "Қара риелторлардың" істері туралы БАҚ өкілдері де жазыпты. Олар жалғыз басты азаматтардың пәтерлерін өз аттарына аударып, кейіннен оларды өлтіріп жүрген екен. Ксилициннің айтуынша, адамдардың мәйіттері әлі күнге дейін табылмаған көрінеді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бес өлім үшін азаматқа 22 жыл беріліп, заңның рақымшылығына байланысты жаза уақыты бес жылға қысқарыпты. Осылайша, енді Григорий калонияда 11 жыл уақытын өткізуі керек екен.

Оның жұбайы, екі баласы мен төрт немересі бар. Азамат енді оларға зейнеткер болып баратынын айтады.

"Бір нәрсемен айналыссаң, уақыт жылдам өтеді. Мен бұлай болғанына өкінемін. Бірақ, осының арқасында өмір туралы көп нәрсе түсіндім. Бостандыққа зейнеткер болып бір-ақ шығамын, сол кезде үйде немерелерімді қарап отырамын немесее жүргізуші болып жұмыс істеймін" ,- дейді ол.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Дәл осы калонияда Бақытбек Есентаев та жазасын өтеп жатыр. Алайда ол баспасөз өкілдерімен мүлде сөйлескісі келмейтін көрінеді.

Түзеу калониясында "түрме субмәдениеті" деген ұғым жоқ. Мұнда тәртіп өте жіті қадағаланады. Ал сотталушылар бос уақыттарында калония аймағында серуендеп, шахмат ойнап, теледидар көреді.

Калонияда жуынатын бөлмелер, демалып отыратын орындар мен теледидар көретін жерлер бар. Одан бөлек, мұнда медбөлімше мен кітапхананы, тіпті, дүкенді де табуға болады екен.

Лагерьдегі клубта түрлі қоғамдық шаралар өтіп тұрады. Азаматтар туыстары келген кезде өз өнерлерін көрсетіп, түрлі жиындар ұйымдастыратындарын айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel