RU
Ақтөбеде аяғы екіге бөлініп қалған келіншекті дәрігерлер құтқарып қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде аяғы екіге бөлініп қалған келіншекті дәрігерлер құтқарып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталы ақтөбелік жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге рейдке шықты. Олар дәрігерлердің пышақталған жас пенжол көлік оқиғаларына, қыл үстіндегі өмір мен үздіксіз қоңырауларға қалай қызмет көрсететінін анықтады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Облыста жастар арасындағы төбелесте бір-бірінің қарнын жарып кететін оқиғалар жиі тіркеледі екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Біз бір тәулікке жұмысқа шығамыз. Кейін үш күндік демалысымызды аламыз. Күніге 500-600 қоңырауға дейін түседі. Ал демалыс күндері шақыртулар 700-ден асып кетеді. Мамандығым өзіме ұнайды. Бұл жерде жасағаныма 20 жылдан асты.
Әртүрлі оқиғалардың куәгері боламыз. Пышақ жарақатымен шақыратын қоңыраулар да аз емес. Әсіресе, жастар арасындағы төбелесте ішінен жарақаттайтындар көп. Жол көлік оқиғалары да жиі тіркеледі.
Дәрігерлеріміз барлық қоңырауларға көмек көрсетеді. 30 жастағы келіншек Әйтеке би ауданынан келген. Әйелдің қан қысымы үнемі жоғары болғандықтан оған емделуді, дәрі ішуді жазған. Бірақ әйел немқұрайлық танытып ешқандай ем қабылдамаған",-дейді Гүлшара Шаймерденова.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ақтөбедегі 103 қызметінің жастардан құралған бригада тобымен қала тұрғындарының шақыртуына барыпты. Аяғындағы ауырсынумен дәрігер шақырған келіншек құрдастарымен су жағасына демалуға барған. Құрдасы қарсыласқанына қарамай суға сүйреген кезде аяғын шығарып алған екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Демалуға шығып аяқ астынан ауру тапты. Шырылдап жүре алмай қалды. Өзі мектеп директорының әйелі еді, құрдастары оған да қарамапты",-дейді анасы күліп.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жаңа жедел жәрдем станциясында қызмет етіп жүрген мамандар материалдық жағдайларының жақсарғанын айтады. Түрік инвесторларының көмегімен ашылған станцияда 32 реанимобиль жұмыс істейді екен.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған орталықта 16 санитарлық автокөлік және 2 диагностикалық көлік бар. Қазір 10 операторы бекітілген CALL-орталығы жұмыс істеп тұр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Рейдке шыққан жас мамандардың ішінде екі жыл бойы фельдшерлік қызмет атқарып жүрген Еркебұлан Жалмұқатовтың жайдары мінезін әріптестері жоғары бағалайды екен.

«Акушердің де, хирургтің де қызметін жасаймыз. Кейде науқастарымыз қашып кетеді. Жарақатымен ауруханаға жеткіземіз. Аурухананың алдына келгенде тұра қашатындар болады. Соңында оларды қуып кетесің. Жете алмасақ полицияға хабар береміз.
Шақыртулар кезінде әртүрлі адамдарды кезіктіреміз. Жұқпалы аурудың ашық түрімен емделіп жүргендер де шақырады. Олардың кейбірі еш жерде есепте жоқпыз ауруларын жасырады»,-дейді фельдшер Еркебұлан Жалмұқатов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
4
0
5
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel