RU
Сапарбаев атышулы Ақтөбе әкімінің түске дейін ұйықтайтынын біліп қалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сапарбаев атышулы Ақтөбе әкімінің түске дейін ұйықтайтынын біліп қалды

Рассказать Вконтакте

Бүгін ақтөбелік шенеуніктер екі бірдей жаңа мектепті ашты. Ашылуы сағат 11:00-ге белгіленген жиынға Ақтөбе қаласының әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы кешігіп келді. Облыс әкімі халыққа құттықтау сөз арнағаннан кейін келіп амандасқан қала әкімі Ілияс Испановты ұялтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Тал түске дейін ұйықтап қайда жүрсіңдер? Көп ұйықтайсың",-деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі бүгін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандусы мен жеделсатысы бар 300 орындық екі мектептің ашылуына қатысты.

"Елдің болашағы, дамуы балаларға байланысты екенін бәрі біледі. Балаларымыз, жастарымыз қазіргі заман талабына сай білім алуы керек. Сол тапсырманы орындау мақсатында жұмыс істейміз. Қазір 26 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 15-і биыл пайдалануға берілсе, 9-ы Білім күніне дейін іске қосылады. Айта кететін бір жайт, әрбір ата-ана баланың алдындағы борышын ұмытпауы керек",- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
1
3
1
2
10
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel